Алматыда жолаушы метрода мерт болды
Алматыда бір жолаушы метроның рельсіне құлап, көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ. Оқыс оқиға бүгін «Абай» бекетінде болды. Стансы кезекшісі мен машинист жедел әрекет етіп, пойызды тоқтатқанымен, оның өмірін сақтап қала алмады. Перрондағы адамдар вагонды қозғап, оны алып шыққан.
Қазір оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Бекет тергеу амалдары аяқталғанға дейін уақытша жабық. Әзірге мұнда пойыздар уақытша тоқтамайды. Метрополитен басқа бағытта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қаза тапқан адамның жасы 26-да. Көзі нашар көруіне байланысты мүгедектігі болған.