Ұлыбритания Газа секторына £19 млн аударады
Ұлыбритания Газа секторына гуманитарлық көмек үшін қосымша 19 млн фунт стерлинг бөледі. Бұл туралы Халықаралық даму министрі Аннелиза Доддс Каирдегі конференцияда мәлімдеді.
Сөйтіп, корольдік аударған қаражат көлемі бас-аяғы 99 млн фунтқа ұлғаяды. Оның 12 млн-ы БҰҰ-ның гуманитарлық сауалдарды үйлестіру басқармасы мен дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына аударылады. Бұл тұрғындарды ауызсу, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Министрдің сөзіне қарағанда, бөлінген қаражат палестиналықтарды бар-жоғы бір ай қажетті ресурстармен қамтуға ғана жетеді. «Сол себепті аймақта қақтығысты шұғыл тоқтату керек», – дейді.
Айта кетейік, кездесуден кейін корольдік министрі ресми өкілдермен өзара келісімге келу үшін Израильге бармақшы.