Дания билігі сириялық босқындарға еліне қайту үшін €27 мың ұсынады

Сириядан келген босқындар еліне қайтса, Дания билігі 27 мың еуро төлейді, деп хабарлайды 24kz.

Мигранттың баласы болса қосымша 6700 еуро қосады. Бұл туралы Данияның Интеграция министрі Кааре Дюбвад немістің Bild басылымына мәлімдеген. Оның айтуынша, қаражат «Босқындарды еліне қайтару» туралы заң аясында аударылады. Кейінгі 9 жылда Сирияға Даниядан 5100-ден астам мигрант қайтқан. Олардың 600-і ақшалай ынталандыруға ие болды. Даниялық министр: «Қайтару құны өсті, енді атажұртына қайтатындар қатары тіптен көбеюі мүмкін», деп сенеді. Дерек бойынша қазір еуропалық елде 45 мыңға жуық сириялық бар. Көбі жұмыс істемей, жәрдемақы алады.