Майоттада жұқпалы ауру тарау қаупі бар

Францияның Майотта архипелагында болған дүлей дауыл кесірінен аймақта аштық орнап, жұқпалы ауру тарау қаупі бар.

Жергілікті билік осылай деп алаңдап отыр. Бұл туралы CNN хабарлады. Жексенбі күні Майоттада «Шидо» циклоны ойран салған еді. Мұндай табиғи апат Үнді мұхитындағы аралда кейінгі 90 жылда болмаған. Салдарынан 22 адам көз жұмды. 1400-і зардап шекті. Жүздеген үй қирап, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Аймақта ауызсу тапшы. Жергілікті халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету де қиынға соқты.