Вануатуда зілзаладан 14 адам опат болды
Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Вануатуда зілзала құрбандарының саны 14 адамға жетті.
Тағы бірнеше адам із-түзсіз кеткен. Қазір аралды аймақта жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғат апатынан кейін инфрақұрылымға қатты зақым келген. Электр желісі үзіліп, жарық істен шықты. Ауыз су беру де уақытша тоқтап тұр. Байланыс жұмыс істемейді. Қазір елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Еске салайын, кеше аралды өлкеде 7,3 балдық зілзала тіркелді. Артынша тағы да 4 рет жер сілкінді. Зілзала ошағы аралдың батысындағы Порт-Вилладан 57 шақырым қашықтықта болған.