Financial Тimes: Honda және Nissan бірігуі мүмкін
Әлемге әйгілі жапониялық автокомпаниялар Honda мен Nissan бірігуі мүмкін.
Financial Times дерегі бойынша компаниялар келіссөз жүргізе бастаған. Осылайша, қытайлық автоконцерндермен бәсекелестікті арттырмақ. Егер тараптар ортақ мәмілеге келсе, әлем бойынша Toyota мен Volkswagen-нен кейінгі ең ірі автоөндіруші пайда болуы мүмкін. Қазірдің өзінде оның құны 52 миллиард долларға бағаланып отыр. Компанияларды жеке-жеке алғанда, қазір Honda мен Nissan өндіріс көлемін азайтып, қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр. Жуырда Nissan 9 мың адамды жұмыстан босатынын жариялады. Ал Honda 2 мың қызметкерімен қоштаспақ.