Д.Трампты ұлықтау рәсіміне 250 мың адам қатысады

АҚШ Президентін ұлықтау рәсіміне 250 мыңдай адам қатысады, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шара 20 қаңтарда өтеді. Осыған орай қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл күні Колумбия аймағын 25 мың әскери қызметкер мен полицей күзетеді. Бұдан бөлек, Ұлттық гвардияның 8 мың сарбазы мен өзге штаттардан қосымша тағы 4 мың полиция қызметкері келеді. Салтанатты іс-шараның барлық шығындары америкалықтардың салығы есебінен қаржыландырылады. Ал мерекелік парад пен мерекелік кешті ұйымдастыру жағын Дональд Трамптың ұлықтау комитеті өтейді. Бұл қорға 170 млн доллар жиналған. Комитеттің ірі донорлары арасында Uber, Ford, Meta, Amazonсекілді компаниялар бар.