Кей елдерде жекеменшік мектептерге қаржылай қолдау көрсетіледі
Әлем елдерінде табысы төмен және ерекше қажеттілігі бар кез келген оқушы мемлекеттік мектептерден бөлек жеке мектептерде тегін оқи алады. Мәселен, АҚШ-та мемлекет қаржыландыратын арнайы бағдарламалар бар. Ал Австриялада арнайы стипендиялар беріледі.
АҚШ-та 90 мың мемлекеттік, 30 мың жекеменшік мектеп бар. Әр америкалық оқушы әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген мектепте оқи алады.
Мемлекеттік мектептерде оқу тегін. Ал жеке мектептерде аз қамтылған отбасыдан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек арнайы бағдарламалар арқылы беріледі. Мысалы, Флорида, Индиана, Аризона және Огайо штаттарында табысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларға арналған ваучерлік бағдарламалар бар. Ол кедейлік деңгейі 185%-тен төмен табысы бар отбасыларға арналған. Бұл арқылы оқу ақысын мемлекеттік қаражат есебінен төлеуге болады. Бұдан бөлек, жеке мектептерде түрлі стипендиялар қарастырылған. Мәселен, Нью-Йорктегі Бруклин латын мектебі кедей отбасыдан шыққан оқушыларды ішетін тамағынан бастап, оқу, жол жүру ақысына дейін қамамасыз етеді.
Австралияда мемлекеттік бюджеттегі қаражаттың 60%-і жекеменшік мектептерге бөлінеді. Бұл табысы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдауға жұмсалады. Яғни оқудың толық құнын өтеуге көмектеседі. Оны қаржыландыру қаражат жинау науқандарын жүргізетін арнайы мектеп қорларының көмегімен жүзеге асады. Ал табысы орташа отбасылар үшін арнайы білім беру несиелері қарасыртылған. Бұл оқу ақысын бірден төлеуге шамасы келмейтіндер үшін ыңғайлы.
Жапонияда жеке мектептерде оқу ақысын субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламасы бар. Бір оқушыға берілетін субсидиялардың ең төменгі сомасы шамамен 100 мың иен. Бұл теңгемен 330 мың теңге. Табыс деңгейіне байланысты төлемдер ұлғайтылуы мүмкін. Оқушыларға қаржылай көмек қайырымдылық ұйымдары мен қорлардан да бөлінеді. Қазірде Жапония оқущылардың 30%-і жеке мектептерде оқиды. Оқу ақысы жылына шамамен 63 миллион теңгеден асады.
Авторы: Фариза Жанғанаева.