Беларусьте президент сайлауы өтіп жатыр
Республика бойынша 5 мыңнан астам учаске ашылған. Бірақ шет мемлекеттерде тұратын ел азаматтарының дауыс беру мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Сондай-ақ бұл жолы жаңа ереже енгізілген. Бюллетеньдерді суретке түсіруге болмайды. Олай істеген адамға айыппұл салынады. Саяси додаға 5 үміткер тіркелген. Олардың арасында қазіргі президент Александр Лукашенко, Коммунистік партия Орталық комитетінің бірінші хатшысы Сергей Сыранков, Еңбек және әділет партиясының төрағасы Александр Хижняк, Либерал-демократиялық партиясы басшысы Олег Гайдукевич және кәсіпкер Анна Канопацкая бар. Сайлаушылар саны 7 миллионға жуықтайды. Алайда олардың 42%-і мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерген. Беларусь президенті 5 жылға сайланады. Азаматтардың жартысынан астамының қолдауына ие болған үміткер жеңімпаз деп танылады. Саяси үдерісті бақылауға 500 халықаралық байқаушы келген.