Колумбия АҚШ-тың мигранттар рейсін қабылдауға келісті

Колумбия билігі АҚШ депортациялаған мигранттарды әскери ұшақпен қабылдауға келісім берді, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ Трамптың барлық ұсынысына қарсы емес екенін жеткізді. Бұған дейін ол Оңтүстік Америка өз азаматтарын қабылдаудан бас тартса, сол елдің тауарларына 25% баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Сондай-ақ Колумбия шенеуніктері үшін Америка шекарасына өтуге тыйым салды. Олардың отбасы мүшелері үшін визалық шектеулер енгізді. Ақ үйдің ресми сайты Богота тарапынан депортациялық рейстер туралы келісім орындалса, санкция күшіне енбейді деп жазады.