БҰҰ: АҚШ Климат жөніндегі Париж келісімінен 2026 жылы шығады
АҚШ Климат жөніндегі Париж келісімінен 2026 жылы шығады.
Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Бас хатшы Антониу Гутерриштің атына ескерту хат жолдаған. Келісімнен шығу туралы шешімді президент Дональд Трамп қызметіне кіріскен бірінші күні-ақ қабылдаған. Ол климаттың өзгеру теориясына қарсы. Трамп келісімнен шығу арқылы АҚШ экономикасын жандыруға және өнәркәсіп пен энергетика салаларында көп жұмыс орнын ашуға болады дейді. Париж келісімі 10 жыл бұрын қабылданған. Оған қазір 195 ел мүше. Бұл құжат ғаламдық жылынуды тудыратын зиянды газ көлемін қысқартуға бағытталған.