Газа секторындағы 2500 балаға эвакуация қажет
Газа секторынан шұғыл түрде 2 жарым мың баланы эвакуациялау керек. БҰҰ-ның бас хатшысы осылай деп отыр.
Антониу Гутерриштің айтуынша, бүлдіршіндерге медициналық көмек қажет. Көбінің денесін күйік шалған. Сондықтан операция жасау керек. Бірақ Газа секторында ондай мүмкіндік жоқ. «Жалпы медициналық көрсетілімдер бойынша өңірден 14 мыңға жуық адам эвакуациялану керек», – дейді БҰҰ-ның басшысы.