ХАМАС тағы үш тұтқынды босатады

ХАМАС тағы үш тұтқынды босатады

Бүгін ХАМАС қозғалысының мүшелері тұтқындағы үш адамды босатады. Олар 35 пен 65 жас аралығындағы ер кісілер. Ұйым Израиль билігін осылай деп алдын ала хабардар етті.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл тізім Израильдің талабына сәйкес екенін растады. Жоспар бойынша кепілдегілерді айырбастау рәсімі бүгін түсте өткізіледі. Мұнан соң 90 палестиналық тұтқын бостандыққа шығады. Бұл тараптар арасындағы келісімнің бірінші кезеңі аясында жүзеге асырылғалы отыр. Жалпы бітім күшіне енгелі ХАМАС 15 адамды еркіндікке жіберді. Израиль 400 палестиналық тұтқынды босатты.