Израиль Дженин қаласын шабуылдап жатыр
Израиль армиясы Палестина автономиясына тиесілі Дженин қаласын шабуылдауды тоқтатар емес. Кезекті соққы салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы 2 адам ауыр жарақат алған.
Израиль ХАМАС-пен бейбіт келісімге келгеніне қарамастан қазір Иордан өзенінің Батыс жағалауын атқылап жатыр. Бір аптадан бері «Темір дуал» деп аталатын операция жүріп жатыр. Соның салдарынан 800 адам көз жұмды.