Жапонияда шетелдік жұмысшылар күрт көбейді
Жапонияда шетелдік жұмысшылар саны 2 миллион 300 мыңға жеткен.
Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Елде жұмыс күші жетіспегендіктен, өзге елден еңбек етуге келетіндер көп. Олардың арасында Вьетнам, Қытай, Филиппин азаматтары аз емес. Жапония халықаралық қатынастар жөніндегі агенттік өкілдері, 2040 жылға қарай тағы 7 миллион маман қажет болатынын айтады. Өйткені себебін айттық, елде кадр жетіспейді. Мұнда әсіресе медицина, құрылыс салаларында маман тапшылығы өткір сезіледі.