Украинаның оңтүстігінде әуе шабуылына қарсы қорғану бойынша әскери оқу-жаттығу өтті. Шарада десанттарды жерге түсіру тактикалары пысықталды. Сонымен қатар әуе және құрлықтағы шабуыл кезінде жеке құрылымның іс-әрекеті бекітілді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жаттығу кезінде атыс ұйымдастырылған жоқ. Украинаның қарулы күштері жуырда әуе шабуылына қарсы қорғаныс қызметінің қатарына тәжірибелі әскерилердің де қосылғанын мәлім етті. – Ауа-райының қолайсыздығы кедергі емес. Кез келген жағдайда алға қойған міндетті атқаруға дайынбыз. Оқу-жаттығуды қиын болса, ұрыста оңай болады. Ресейдің орталығында да әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері мен авиациясы бірлесе отырып оқу-жаттығу ұйымдастырды. Шараға әуе қарсыласы ретінде жойғыш-бомбалаушылар қатысты. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің айтуынша, әскерилер біліктілігін арттырып, түрлі іс-қимылдардың қыр-сырына машықтанды.