Филиппинде тасбақа етінен ұшынған үш адам көз жұмды
Филиппинде жойылу алдында тұрған, теңіз тасбақасынан жасалған тағамды тұтынған 3 адам уланып, қайтыс болды.
Тағы 32 кісі зардап шекті. Оларға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетіліп, қазір жағдайлары жақсарған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, науқастарда сол азықты тұтынғаннан кейін іш өту, құсу, өт қабының ауырсынуы сияқты белгілер пайда болған. Ал Филиппиннің қоршаған ортаны қорғау туралы заңына сәйкес, бұл теңіз тасбақасын тұтынуға қатаң тыйым салынған. Соңғы рет мұндай жағдай осыдан 11 жыл бұрын тіркелген. Оны аулап жеген 68 адам ауырып, төртеуі көз жұмды.