Жапония астанасы Токиода 24 жастағы жігіт пойыздағы жолаушыларға шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». «Джокер» фильміндегі кейіпкер сияқты киінген ол пышақ сілтеп, өрт қойып, қышқыл шашқан. Рейтердің хабарлауынша, шабуылдан 10 адам жарақат алды. Біреуі ауыр халде. Күдікті қамауға алынды. Жергілікті ақпарат құралдары пойызға мінгендердің көбі Хэллоуин мерекесін тойлау үшін қала орталығына бара жатқанын айтады.