Starship ғарыш кемесі кезекті рет сыналды
Американдық миллиардер Илон Масктың СпейсИкс компаниясы өзінің ғарыш кемесін төртінші рет сынақтан өткізді.
Ұшырылған аппарат ғарыш кеңістігіне жетіп, Үнді мұхитына сәтті қонған. Инженерлер Старашип кемесінің келешекте қалай қонатынын тексерген. Мұның алдында аппарат наурызда ұшырылған. Ол кезде 49 минуттан кейін байланыс үзілген. Осы жолы мамандар бағдарлама және аппараттық жасақтауын жетілдірген. Бұл америкалықтар үшін үлкен жетістік. Елдің ғарыш агенттігі аппаратты Айды игеруге арналған Артемис бағдарламасы үшін қолдануға ниетті.