Испанияда орман өрті дес бермей тұр. Қызыл жалын 7 мың гектар орманды алқапты, тып типыл еткен. Бірнеше елді мекенге қауіп төнді. Құтқарушылар кеше 2 жарым мыңнан астам адамды эвакуациялады. Бұған дейін туристер мен шет ел азаматтары тұратын аумақтан мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Өрт сөндіру жұмыстарына 40-тан астам ұшақ пен жүздеген маман тартылды. Айта кетейік, жыл басынан бері Испанияда орман өртінен 75 мың гектар аумақа күлге айналған. Рафаэль Фанега, өрт сөндіруші: – Маңайды түгел жалын шарпып барады. Сөндіруге шамамыз келмей жатыр. Жан-жағымыз от. Көмекке тағы құтқарушылар шақыру керек деп ойлаймын.