Сан-Франциско қаласындағы мейрамхана ерекше пицца ұсынады
Тағамды дайындауға қоқысқа тасталуы тиіс азық-түлік қалдықтарын қосады.
Дәмхана иелері ысырыпқа жол бермей, үнемдеудің осындай әдісіне көшіпті. Әдетте дүкендер аздап бұзылған сапалы өнімдерді қоқысқа тастайды. Мәселен, қорабы бүлінген немесе тауарлық түрі бұзылған көкөніс пен жемістер. Арасында шірігі болса, бүкіл жәшікті сұрыптауға ерініп, түгел қоқысқа жібереді. Бір жағынан фермерлерге де көмек болып отыр. Өйткені сапалы болса да, өтпей қалған өнімдерін сата алады.