Қазақстанның Президент оркестрі еуропалықтарды өнерімен тәнті етті
Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің президент оркестрі әлемдегі үздіктер қатарынан көрініп, Еуропаның ең ір концерт алаңдарында өнер көрсету турнесіне шақырту алды.
Отандастарымыздың шеберлігі Германия қалаларындағы жергілікті көрермендерді тәнті етті.
"Musik Parade" – үрлемелі оркестрлердің Еуропадағы ірі өнер сапары. Оған билеттер Германияда 1 жыл бұрын сатылып кетеді. Биыл Еуропа мен Азияның 7 оркестрінен құралған халықаралық ұжым неміс елінде 100 мыңға таяу көрермен жинады.
Дархан Рақымғалиев, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрінің басшысы:
"Әр елдің үздік оркестрлерін арнайы шақыртуымен осы "Musik Parade" фестиваліне шақырады. Сондықтан да Қазақстаннан осы президенттік оркестр келіп, өз өнерлерін қазіргі кезде көрсетуде. Германияның көптеген қалаларында 10 күн бойы жалғасатын фестиваль. Арнайы шақыртумен келгесін репертуарға біз де Германияның өзінің әндерін қостық.
Біздің өнерпаздар әскери репертуардан бөлек, бірнеше тосын сый жасады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын еуропалықтар демін ішіне алып, ерекше ықыласпен тыңдады. Немістің атақты РозамУнда әнін тарту етті.
Мейрамбек Жағазыұлы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрінің әртісі:
"Неміс халқы жалпы үрлемелі оркестр бендтарын жылы қабылдайды. Өте ... әр барған қаламызда залдар әрқашан да толы және бізді қуана қарсы алып, Қазақстанның есімін бірінші рет емес келіп тұрғандықтан бұлар біліп тұрады кімнің келіп жатқанын."
Жетпіс Нұрмағанбетов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрінің әртісі:
"Көріп таңғалып жатыр. Мынау қалай бір ағашпен екі шекте қалай ойнап жатырсың деп. Сол өте керемет. Бізге үйреншікті болғаннан кейін, біз қатты нете қоймаймыз да. Басқа халықтар көріп, қуанып, битіп ұстап көрейікші, ойнап көрейікші дейді. Біз ол кісілерге көрсетеміз. Басқа елдің де шығармаларын домбырада ойнап береміз. Қатты қызығып тәнтіп болып жатыр."
Оркестрлер фестивалі бір мезетте музыканың барлық түрі бойынша өнер туындыларына куә болудың сирек мүмкіндігін ұсынады.
БЛИЦ
1- "Маған бәрінен де Қазақстан оркестрінің хореографиясы қатты ұнады. Марштары да керемет. Аяқтарын нық басады. Мықты!
2- "Қазақтардың өнері күнде көріп жүрген концерттен мүлде бөлек. Басқаша сезімге бөлейді. Аура керемет. Бір сәтте бірнеше әуенді сезіне аласыз."
3- "Негізі мен әскери музыканы аса тыңдай қоймаймын. Бірақ қазақтардың өнері мүлде бөлек әрі керемет екен."
Еуропалықтар осы фестивальдің арқасында Қазақстанның мәдениеті және әртістерінің шеберлігімен жақын танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ басқа халықтардың да өнері паш етілді.
Ернат Рахметолла, Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан