Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада академик Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих» атты тағы бір тың туындысы жарық көрді, деп хабарлайды 24kz.

Ойлы оқырманға жол тартқан жазба әзербайжан, түрік, қырғыз, орыс тілдерінде тәржімаланған. 5 кітаптан тұратын жинақ байырғы баһадүр бабалардың ерлігі мен түркологиядағы алуан түрлі тақырыпты арқау еткен. Бауырлас елдің әдебиеті мен мәдениеті, ортақ көзқарасы ғылыми танымдық мақалада көрсетіледі. «Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры» ұйытқы болған жинақтың тұсаукесеріне бас қаладағы қалам ұстаған қауым түгел қатысты. Ақтоты Райымқұлова, Мырзатай Жолдасбеков сынды қоғам қайраткерлері шараға арнайы шақыртылған.

Дархан Қыдырәлі, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Түркі әлемі, оның ортақ тарихы, танымы, тұлғалар. Сонау Қорқыт ата, Науайи сияқты тұлғалар, бұлар енді былтыр жарық көрген «Тамыр және абыздар аманаты» атты екі кітаптың жинақталған нұсқасы деуге болады.