Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің отырысы өтті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің екінші отырысы өтті.
Оған мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері, өкілдері қатысты. Жиында қор президенті Ақтоты Райымқұлова былтыр атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Ұйым былтыр түркі елдерінде 75 жоба жасаған. Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстан тарапының төрағалығымен өтетін жобалар туралы айтып берді.
Ақтоты Райымқұлова, Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің президенті:
- Әрбір елде музейлендіру, реставрациялау, шеберлік сыныптары, оқу ағартушылық жобаларымызды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнде 25 жобамыз бар. Мысалы, біз былтыр 25 жобаны жоспарлап қойып едік, ал өзіміз 75 жоба жасаппыз. Сондықтан өзіміздің жоспарлаған 25 жобамызды 2025 жылы әлдеқайда көбірек болады.