Семейде Әбілпейіз сұлтаның құрметіне арналған ғылыми конференция өтті
Семейде «Әбілпейіз сұлтан – XVIII ғасырдың көрнекті мемлекет қайраткері» деген тақырыппен республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шара Жошы ұлысының 800 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Конференцияның ашылуы облыстық өлектану мұражайында болды. Музейде сол заманның тарихынан сыр шертетін көне жәдігерлер қойылған. Әбілпейіз сұлтан – Жоңғар мемлекеті құлаған соң қазақтарды шығыс өңірге қоныстандырған ұлыс билеушісі. Қытаймен дипломатиялық байланыс орнатып, Семейдегі сауда бекетінің ашылуына үлес қосқан. Жалпы жиынға отандық ғалымдар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу орталықтарының докторанттары және студенттер қатысты.
Мұхтарбек Кәрімов, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор:
- Бұл енді ұрпаққа керек. Білуі керек осындай адамдардың болғанын. Әбілпейіз Сұлтанның үлкен бір еңбегі – Семей қаласын сауда орны ретінде патша үкіметіне әлденеше рет хат жазып отырып ашқызуы. Бұл міне, 1764 жылы басталған. 1962 жылы төрт рет хат жазған.