Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналан көрме ашылды
Биыл Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі композитор, талантты әнші Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толды. Осыған орай Алматы музейінде «Атамекен – ел рухы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Оған қазақ әнінің алтын қорына мол мұра қалдырып кеткен композитордың өмірі мен шығармашылығы-нан сыр шертетін заттар қойылған. Атап айтқанда, көрмеден фотосуреттерінен бастап сахналық костюмдері, музыкалық аспаптары мен бұрынғы афишасын көруге болады. Ескендір Хасанғалиевтің тыңдармен жүрегінен орын алған «Атамекен» әніне биыл 55 жыл. Сондай-ақ «Бозторғай», «Студенттердің қоштасу әні», «Әдемі-ау» сынды туындылары да халық жадында. Талантты тұлға 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың авторы. Одан бөлек орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған.
Кәмшат Жиенәлиева, Алматы музейінің жетекшісі:
- Бұл көрмеде 80-ге жуық Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің жеке мұрағатынан алынған құнды жәдігерлер көрсетілген. Бұл жерде сонымен қатар Димаш Ахметұлы Қонаев өзі сыйлаған вазасы, сонымен қатар Ескендір Өтегенұлының алғашқы инструменті баяны көрсетілген көрмеде. Бұл көрме бір ай көлемінде өтеді.