Зиялы қауым өкілдері телетуындыларға қатысты ой қосты
Отандық телеарналарда ұлттық құндылықтар көптеп дәріптелуі қажет. Зиялы қауым өкілдері «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына орай өткен кездесуде осындай ұсыныс айтты.
Яғни қазіргі жас буынға ұлтымыздың тарихына, салт-дәстүріне қатысты рухани-мәдени бағыттағы контенттер ұсынған абзал. Кездесу барысында ағарту, мәдениет және өнер саласының майталмандары телеконтентке қатысты өз ойларын ортаға салды. «Әсіресе телесериалдар өндірісінде, ойын-сауық бағдарламаларда тіл тазалығына баса мән берген жөн», – дейді. Сондай-ақ мұрағаттарда сақталған отандық ғалымдардың зерттеулерін, құнды хаттарды, тарихи тұлғалар мен көне жәдігерлерді ерекше форматта көрсетуге болатынын жеткізді. Халықтың интеллектісін арттыру үшін телеарнаның өзінің деңгейі биік болу керек.
Әділ Ахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Сондықтан ақпарат құралдарының сапасы ұлтты тәрбиелейді. Содан кейін мына жастардың кейде түсініксіз тілі, айтатын әндері де, ешқандай сөзі түсініксіз, қисаңдап билегені болмаса, ештеңені көре алмайсың. Сондай хабарлардан аулақ болғанымыз дұрыс қой. Өйткені біздің келешегіміз жастар ғой. Сондықтан әр бір берілетін хабардың тағылымды болуы, салиқалы болуы, салмақты болуы өте маңызды.
Роза Мұқанова, жазушы:
- Қалың оқырманның көрерменнің танымын кеңейтетін, қызығушылығын әрі олардың кім екенін біздің тұлғаларымыздың кімдер екенін қазақ тарихында руханиятында олардың орны қандай екенін білу керек. Қазір бір алшақтық бар. Мысалы, үшін мен университетте сабақ беремін, сонда келген жас абитуриенттер Шәкен Айманов кім десең, Қадиша Бөкеева кім десең, жауап бере алмай, таусылып қалады, мысал үшін. Бүгінгі әншілерді, бүгінгі шоумендерді айтады. Үлкен ұлы классиктерімізді, біздің қазақ әдебиеті – ұлы әдебиет, әлемдік деңгейдегі әдебиет, солардың шығармасын оқу үшін, осындай кітап оқу үшін осындай бір детальдарды, эпизодтарды айта отырып қызықтыру ол бүгінгі журналистің білімділігі, интеллектісі бұл қоғамға қазіргі кезде өте қажет жағдайда.