Жамбыл облысында ерте түркі дәуіріне тән тоғызқұмалақ табылды

Жамбыл облысының Қызылтаң елді мекенінде тоғызқұмалақ ойынына арналған көне тас табылды, деп хабарлайды 24KZ. Жәдігердің ұзындығы 2,8 метр болса, ені 1,4 метр. Археологтардың айтуынша, тарихи-мәдени ескерткіш ерте түркі дәуіріне яғни VI-VII ғасырға тән. 

Қазір жәдігер мемлекетік қорғауға алынды. Бұған дейін де Қаратау тау жотасы мен Талас, Жамбыл, Байзақ аудандарынан тоғызқұмалақ тақталары табылған. Тоғызқұмалақ – тек қазаққа емес, Батыс түрік қағанатының құрамына кірген барлық халыққа ортақ ойын. Сондықтан аймақ ғалымдары шетелдік мамандармен бірігіп зерттеу жүргізбек.

Сауран Қалиев, археолог:

- Қаратау тау жотасына тән Сарысу ауданы болсын, Қаратаудан болсын, одан кейінгі мынау Мойынқұм мен Шу аудандарындағы Хантаудың ішінен де дәл осы сияқты ойындардың кездесетіндігіне сенеміз. Зерделеу зерттеу мәселесі жағынан біз енді алдағы уақыттарда осы саланы зерттеп жүрген ғалымдармен, әсіресе мынау түрік ғалымдарымен байланыс орнатуды жоспарға алып отырмыз.