Жаңақорған ауданында «Руханият орталығы» ашылды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Руханият орталығы» ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Аумағы 2500 шаршы метрден асатын еңселі ғимаратта аудандық архив, музей, кітапхана, неке қию залы, сондай-ақ ардагерлер мен жастар орталығы орналасты. Бұған дейін бұл мекемелер ескі әрі тар нысанда жұмыс істеген. Мәселен аудандық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы ғимараты 1904 жылы салынған. «Көрме залы мен құнды жәдігерлерді сақтайтын қоймасы, тар болғандықтан, экспонаттарды тиісті талаптарға сай сақтау қиынға соқты», - дейді музей басшылығы.
Айта кетейік, осындай «Руханият орталықтары» облыстың барлық ауданында ашылуда.
Ажар Жанаева, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі:
- Экспонаттарымызды сақтау, оны толықтау залға шығару мүмкіндігі болмаса, қазіргі таңда бүгінгі Руханият орталығының ғимаратынан аудандық музейге жалпы көлемі 631 шаршы метр орын беріліп отыр. Оның ішінде музей қоры төменде бөлек орналасқан. Қазіргі таңда бізде музей қорында жалпы 12 мыңға жуық экспонатымыз бар.