Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «AMANAT» партиясының және облыс әкімдігінің қолдауымен «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтыс өтті, деп хабарлайды 24KZ. Сыр елінде ұйымдастырылған байсалды бәсекеде Қызылорда және Алматы облыстарының өнерпаздары бақ сынады.

Жыр додасының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, ақындар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Осылайша қос өңір арасында өткен өнер бәйгесінде ақындар «түре», «сүре», «қайым» және «қыз бен жігіт айтысы» жанрлары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алды.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мамыр айында өз мәресіне жетеді. Осы екінші кезеңде жеңіске жеткен 4 команда мамыр айында Астана қаласында екікүндік үлкен жарыс болады. Сонда бақ сынасады. Жобаның мақсаты –  ғасырлар бойы қазақ халқының рухани болмысын қалыптастырған ұлттық өнерімізді көтеру және насихаттау.