Алматыда әнші, сазгер Апош Сарбаздың шығармашылық концерті өтті
Бір ғана «Тәп-тәттісің» әнімен тыңдарманның жүрегін жаулаған әнші, сазгер Апош Сарбаз Республика сарайында шығармашылық концерт берді.
«Әке арманы» атты ән кешінде сазгердің «Найман қыз», «Сағынамын», «Есіңде ме досым» сияқты жаңа әндері шырқалды. Сазгердің кешіне эстрада әншілері Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков, Тамара Асар, Өмірқұл Айниязов келді. Кеш қонақтарының қатарында Қытай елінен келген әнші Әділ Мәңкей де бар. Ол «Сүйген жарға» әнін алғаш рет орындап, көрерменге тарту етті. Ән кеші театрландырылған қойылымдармен ерекшеленді. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы бишілерінің қойылымы әннің ажарын аша түсті.
Апош Сарбаз, әнші, сазгер:
- Жалпы енді, атында тұр концерттің. «Әке арманы», «Әкемнің арманы». Жалпы әкем айтыскер ақын, сазгер, әнші болған кісі. 2012 жылы өмірден өткен. Сол енді ол кісінің арманы болатын, осындай Республика сарайында концерт берсем деген.00/31 Ол арманына енді жете алмай кетті, өкінішке қарай.
Әділ Мәңкей, әнші:
- Апоштың шығармашылығы жайлы айтсақ, әндері халыққа жақсы, жүрекке жылы тиіп жетіп жатыр. Жұбайым екеуміз Ақоштың папасының әні, « Жан-жарыма» деген ән алып келіп отырмыз. Әрине, енді бұдан кейінде халықтың сұранысына ие болады деген үміттеміз. Өйткені сондай жақсы ән. Жалпы халыққа жақсы жетеді деген үміттеміз.