Астанада «Көктемнің оянуы» атты сурет көрмесі өтті

Ауыл партиясының 25 жылдығына орай Астанада «Көктемнің оянуы» атты сурет көрмесі өтті. Онда белгілі қазақстандық суретшілердің 50-ге тарта жұмысы қойылған.

Олардың қатарында Бақытнұр Бурдесбеков, Әділғали Баяндин, Ренат Елубайдың еңбектері бар. Картиналар қазақ даласының, туған өлкенің, ауылдың көктемгі келбетін ашады. Көрме Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастарылды. Бұл саяси партиялардың мерейтойлық бағдарлама аясындағы іс-шараларының басы. Алдағы уақытта партиялықтар түрлі салаға қатысты жиындар өткізбек. Ал бүгін ашылған «Көктем» көрмесі 5 наурызға дейін жұмыс істейді.

Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Тек қана біздер өндіріс, тек қана экономика деп әрбір қоғам жүре бермейді. Біздер де сондаймыз. Осындай мәдени, рухани жобалар да керек. Сондықтан да осында жұмыстарын қойған суретшілеріміз тек қана Қазақстанда емес, шетелдегі үлкен коллекцияларға жұмыстарын беріп жүрген біздің үлкен суретшілеріміз мұнда. Керемет-керемет тақырыптарда жазылған суреттер бар. Соның ішінде ауылдың да, біздің салт-дәстүрлеріміз бар.