Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың жеңімпаздары марапатталды

Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың жеңімпаздары марапатталды.

Мәдени шара Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өтті. Қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға шығармаған туындыларын ұсынды. Солардың ішінен әр әдеби жанр бойынша 4 үздік анықталып 4 миллион теңгеден қаламақы берілді.  «Проза» номинациясы бойынша Есбол Социалханға, «Поэзия» номинациясында Жәнібек Әлимановқа, «Драматургия»  бойынша «Апатай» Әлишер Айтуарға, «Балалар әдебиеті» номинациясында Әсет Сыздықовқа берілді. Басқосуда бүгінгі әдеби тенденциялар мен өзекті мәселелер талқыланып, түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды. Министр халқымыздың негізгі құндылықтарын насихаттау әдебиет қайраткерлеріне жүктелер ауыр әрі мәртебелі міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ ақын-жазушылар қоғамның моральдық бағыт-бағдарын айқындайтын рухани көшбасшылар екеніне тоқталды. Сөз соңында "өскелең ұрпақтың сұранысына сай туындылар керек", - деді Аида Балаева.

Жәнібек Әлиман, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпазы, «Егемен Қазақстан» газетінің әдебиет және мәдениет бөлімінің басшысы:

- Президенттік әдеби арнаулы сыйлық жас ақын жазушыларға мына 35-ке дейінгі жас ақын жазушыларға үлкен мүмкіндік. Үлкен алаң ашылды десек болады бұрын соңды болмаған. Себебі мұнда уақыт шектеу жоқ біріншіден. Екіншіден тақырыптық аясы да кең. Бұл жерде жанр шектеулігі де жоқ. Мен поэзия жанрында баспаға әлі жарияланбаған бір кітап өлеңдерімді ұсындым. "Боз ұшқат" деп өзім  кітапты ұсанамын деп жүргенмін. Осы Астанаға келгелі жазған өлеңдерім.

Әлішер Рахат, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпазы, жас жазушы, драматург:

- Осы Президенттік арнаулы әдеби сыйлығының драматургия наминациясы бойынша "Апатай" атты пъессаның жеңімпазы атанып отырмын. Апатай пъессасында қозғалатын басты тақырып, қазіргі замандағы  адамның сезімдерінің көңілдерінің заттануы. Товарға байлануы туралы. Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жастар үшін үлкен мотивация деп білемін. Басқа сыйлықтардан өзгешелігі бұл жастар үшін берілетін арнайы сыйлықтардың ішіндендегі сыйлық қоры ең үлкені және статусы бойынша да ең жоғарғысы деп білемін. 

20 жас қаламгердің кітаптары жарыққа шықты

Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушуылар одағының серіктестігі аясында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті. Айта кетейік, былтыр Президенттің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Соған орай «Ұлттық кітап» байқауы жарияланды. Ал биылғы "Жұмысшы мамандықтары жылына" орай «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы өткізіледі.