Отандық дизайнерлер Түркиядағы сән көрсетілімінде топ жарды
Қазақстандық дизайнерлер Түркиядағы İstanbul Fashion Battle сән көрсетілімінде топ жарды, деп хабарлайды 24kz.
Тарихи «Базилика қоймасында» өткен іс-шарада Еуразия құрлығындағы сән әлеміне қызығушылық танытатындарға арналған топтамалар ұсынылды. Көрсетілім балалар мен ересектерге арналған екі бөліктен тұрды. Онда 20-дан астам дизайнер өз туындыларын көрсетіп, салаға танымал компаниялар қатысты. Қонақтар, әсіресе, отандық шеберлердің балаларға арналған киімдерінің жаңа топтамасына қызығушылық білдірді. Іс-шара Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтып, сән саласындағы серіктестікті жандандыра түсті.
Сабина Вольская, дизайнер:
- Бүгінгі іс-шарада өз топтамалырымзды көрсеттік. Меніңше, көпшілікке ұнаған секілді. Біздің өнімдер шетелдік шеберлердің киімдерінен аспаса, кем түспейді.
Рианна Карамакина, модельер:
- Есімім Риана. 5 жастамын. Бәрі жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын.