Елордада халықаралық жас хореографтар байқауы өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында жыл сайынғы үрдіске айналған фестиваль биыл Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Шарада Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, қырғыз және өзбек елінің жас өрендері өнер көрсетті. Байқау барысында қатысушыларға кәсіби шеберлік сабақтары өткізіліп, шығармашылық пікір алмасулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ конкурстың соңғы күні елорда тұрғындарына арналған лауреаттардың гала-концерті өтті. Астанадағы айтулы байқау жас бишілердің тек сахнада ғана емес, өнер ортасында өз орнын белгілеуі үшін таптырмас мүмкіндік дейді, мамандар. 

Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры:

- Байқауда тек ғана билеу емес, аясында көптеген шеберлік кластар өткізілді. Өйткені Қырғызстан, Өзбекстан болсын өздерінің халық билерін көрсетіп, өздерінің методикасымен таныстырды. Балалар өзара қарым-қатынас, өзара танып, біліп, елдің өнерімен, би өнерімен танысып осындай жақсы байқау өтіп жатыр.