Оралда жастардың креатив хабы ашылды

Орал қаласында заманауи өнер мен мәдени тенденцияларды, цифрлық креативтілік пен жаңа технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жастардың креатив хабы ашылды.

2019 жылы Алматы қаласында алғаш іске қосылған бұл бастама Түркістан мен Астанадан кейін енді Жайық өңірінде де жалғасын тапты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен жүзеге асқан жоба – өңірдегі мәдени және интеллектуалдық әлеуетті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жаңа креатив хабтың экожүйесінде концерттік алаң, театр, кинозал, кітапхана және қоғамдық асхана қарастырылған. Бұл кеңістік өнер мен білімді ұштастыра отырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Сондай-ақ хаб құрамында галерея, дәрісхана, коворкинг аймағы, өндірістік және медиа цехтар – фото, подкаст пен дыбыс жазу студиялары, заманауи түсірілім алаңдары жұмыс істейді. Айрықша атап өтетін жайт – хаб базасында өңірлік анимациялық студия өз жұмысын бастап, болашақ мультипликатор мамандарын даярлауға кіріседі. Бұл Батыс Қазақстандағы анимация саласындағы алғашқы кәсіби студия болмақ.

Бақытжан Нарымбетов, облыс әкімінің орынбасары:

- Жастар мәдениет сарайын күрделі жөндеу өткізіп, ішін жабдықтармен, жиһазбен толтырдық. Оған осы жобаны жүзеге асырушы «Өзгеэпик» қоры. Тек жаңа жабдықтар емес, бұл жердегі ең ерекшелігі осы Орал қаласында өнердегі 200 креатив жаңа мамандар дайындау жоспарланған. Жастарға мүмкіндік тудырып, шығармашылығын одан әрі дамытуға ықпал беретін креатив орталық болады деген сенімдеміз.