Алматыда театрлардың жай-күйі талқыланды

«Елдегі театрлардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, жаңа ғимараттар салу қажет. Таршылықта шығармашылық дамымайды», – дейді өнертанушылар. Алматыда өткен «Аймақтық театрлардың хал-күйі мен даму үдерісі» атты жиында саладағы өзекті мәселелер көтерілді.

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы театр өнерін дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берген. Қазір елде 46 мемлекеттік театр бар. Олардың басым бөлігі өңірлерде орналасқан. Бірақ Семей, Өскемен және Таразда қазақ және орыс театрлары бір ғимаратты бөлісуге мәжбүр. Ал Ұлытау мен Алматы облыстарында әлі күнге дейін бірде-бір театр салынбаған.

Аманкелді Мұқан, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі:

- Соның бәрі жөнге келу керек және де жүйелі түрде бұл ғимарат салу мәселесі, театрларды ашу. Сонымен бірге ашылған театрларға сахна, стационарлық сахнаны беруі мәселесі орынды, жүйелі түрде қолға алыну керек деп білеміз.