Армения президенті Аида Балаеваны қабылдады

Армения Президенті еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Ваагн Хачатурян қазақстандық делегацияның сапары екі ел арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұлтаралық достық қарым-қатынастың дамуына да үлес қосатындығын атап өтті. Аида Балаева өз кезегінде Президенттің қонақжайлылығына алғыс білдіріп, Арменияда Қазақстан мәдениеті күндерінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.