Алматыда «Байдың баласы» фильмінің түсірілімі басталды

Алматыда Tiger Films продюсерлік компаниясының толықметражды жаңа фильмі – «Байдың баласы» атты картинаның түсірілімі басталды, деп хабарлайды 24kz.

Осы жоба арқылы Қазақстан киносында алғаш рет кәсіби Canon жабдықтары қолданылды.

Фильм сюжеті бай отбасынан шыққан жасөспірімнің өмірін баяндайды. Ол күтпеген өмірлік жағдайларға тап болады. Түсірілімдер Алматының түрлі жерлерінде өтуде. Картинада мектеп оқушыларының қарым-қатынасы, достық пен татулық ұғымдары көрініс тапқан.

Сезім Серікбай, жас актриса:

- Менің мақсатым – ол актриса болу Маған киноға түсу өте ұнайды және де киноға түскенде өте көп достар табасың. Мен басты кейіпкердің құрбысы боламын және менім мінезім өте қатал болады. Мен басты рөлдегі Арман деген ұлды ұнатпаймын.

Фильм түсірілімінде Canon камераларының қолданылуы – Tiger Films компаниясының техникалық сапаны арттыруға деген ниетін білдіреді. Компания халықаралық кинематография стандарттарына сай болуға ұмтылып отыр. Бұл шетелдік кинофестивальдерге қатысуға және Қазақстаннан тыс аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді.

Нұрхан Айнақұлов, Canon компаниясының ресми өкілі:

- Біздің қазіргі Tiger Films компаниясымен серіктестігіміз, біріншіден, бұл компанияның беделді, таланатты өте амбициозды және ортақ стратегиямыздың болашаққа деген көзқарастарының ұқсастығыныңы арқасында осы екі компаниямыздың серіктестігіне алып келді. Tiger Films-тің осы ауқымдылығана, осының болашаққа деген көзқарасына қараған кезде біз осы компанияны таңдап отырмыз.

«Байдың баласы» фильмі отбасылық құндылықтар мен қазіргі заманның сатиралық көріністері қатар өрілетін комедиялық туынды болмақ. Картина жазда экранға шығады.

Авторлары: А.Садуақас, В.Лобанов