Қазақ суретшілері Дубайдағы халықаралық көрмеге қатысып жатыр

Қазақ суретшілері Дубай халықаралық арт-көрмесіне қатысып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Дәстүрлі іс-шарада жасанды зердені тиімді пайдалану және шығармашылық идеяны коммерциялау бағытындағы бастамалар таныстырылды. Көрмеде бірнеше төл туынды көпшілік назарына ұсынылды. Солардың бір парасын Алтынай Исламбекқызы мен Ләйла Жарқын әзірлеген. Алматылық суретшілер қыштан және киізден түрлі бұйым жасауды тұрақты кәсіпке айналдырған. Қол еңбегінің қай-қайсы да қазақы тұрмыс-салт пен ұлт болмысын айшықтайды. Қазір мұндай бұйымдар ғимараттар мен бөлме ішін сәндеуге кеңінен қолданылып жүр. Отандастарымыз ел ішінен және шет мемлекеттерден тапсырыстар қабылдайды. Сондықтан халықаралық көрме мейманы атанып отыр. Іс-шара аясында олар өз еңбектерін таныстырып қана қоймай, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Алтынай Исламбекқызы, суретші-керамист:

- Мен суретшілер отбасынан шыққам. Атам осы істің хас шебері еді. Әке-шешем де қолөнер кәсібін ұстанды. Қазір сол кісілерден қалған мұраны сақтап, шеберхана жұмысын жалғастырып келем. Атамның қолынан шыққан туындылар Әбілхан Қастеев музейінде сақтаулы тұр. Осындай деңгейдегі іс-шарада елімді және суретшілер отбасын таныстырғаныма қуаныштымын.

Ләйла Жарқын, суретші:

- Киізден жасалған мүсіндер осы көрмеге арналды. Тақырыбы – тамырлар. Сериялық жұмыстар. Тарихымызды, қазақ халқының кең екендігін көрсетеді. Екінші жұмыс – тыныс. Ол адамның материалдың әлеммен, тәңірмен байланыстыратын ортақ жұмыс.