«Алматының жас жазушысы-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Алматының жас жазушысы байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды 24KZ. Байқау жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған. Оған 11 мен 17 жас аралығындағы 173 оқушы қатысты. Олар Бегалин шығармаларындағы кейіпкерлер мен оқиғалардан шабыт алып, фэнтези жанрында әңгімелер ұсынды.
Жұмыстарды бағалау кезінде түпнұсқалық, әдеби шеберлік және тақырыпты ашу деңгейі ескерілді. Алғаш рет ең жас авторлар үшін «Жас дарын – 2025» арнайы номинациясы тағайындалды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ олардың әңгімелері, электронды жинаққа енеді.
Шырайлым Айбекқызы, байқау жеңімпазы:
- Менің жазған шығармам «Тылсым әлемге сапар» деп аталады. Бұл шығарманы жазуға маған жалпы 1 аптадай уақыт кетті. Негізгі тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы жазған «Әліппе» негізінде болашақта қазақ тілінің әліппесін жасап шығару деген идея қозғалды менің шығармамда.