Ертеңнен бастап «Желаяқ» анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады

Ертеңнен бастап отандық киноқоржын тағы бір туындымен толықпақ, деп хабарлайды 24kz.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Желаяқ» толықметражды анимациялық фильмін прокатқа шығарады. Кішкене көрермендерге арналған туынды шытырман оқиғаға толы, қиял-ғажайыпқа құрылған. Жоба балалардың бойында әділдік, шыншылдық, жақсылыққа құмарлық сынды ізгі қасиеттерді қалыптастыруды көздейді. Мұндағы басты кейіпкер – ерекше қабілетке ие 6 жастағы желаяқ Әлем. Бойындағы ерекше күш арқылы қоғамды зұлымдық пен қауіп-қатерден қорғайды. Туынды 1 мамырдан бастап еліміздің 27 қаласындағы 77 кинотеатрда көрсетіледі.