Мәдениет және ақпарат министрі Халықаралық отбасы күнімен құттықтады

Бүгін «Мерейлі отбасы» байқауына өтініш қабылдау басталады.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау лебізін жеткізген министр мерекенің мән-маңызына тоқталып, отбасы құндылығын әспеттеудегі орнын атап өтті. Бүгінде елімізде отбасы институтын қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, ана мен бала құқығын қорғау бойынша қолға алынған іс-шараларды тілге тиек етті. “Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүруде. Мемлекет үшін отбасын қолдау жай ғана басымдық емес, бұл тұрақты дамудың берік негізі. Елімізде ана мен баланы қорғауға ерекше мән беріліп, қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалуда” делінген жазбада. Сондай-ақ министр қазақстандықтарды Отбасы күніне арналған онлайн-челленджге қатысуға шақырды.