Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр
Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Айтулы шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырып отыр.
19-21 мамыр аралығында өтетін жиынға музей, театр, кітапхана, архив және мәдени-демалыс ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым мен креативті индустрия өкілдері шақырылған. Олар оқыту семинарлары, тренингтер мен шеберлік сыныптарына қатысып, саладағы өзекті мәселелерді талқылайды.
Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:
- Жалпы мыңға жуық адам жиналып жатыр. Оның ішінде 160-қа жуық қызметкерлер осы Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырып жатқан семинарға қатысады және осы мерекенің аясында дәстүрге айналған Рухани Қазына фестивалі де өтіп жатыр. Сол фестивальдің қатысушылары да бүгін осы кітапхананың ішінде.