Ұлытауда «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті
Ұлытауда жас ақын-жазушылар әдебиеттің бағыт-бағдары, аударма ісі мен балалар әдебиетін дамыту секілді мәселелерді талқылады, деп хабарлайды 24KZ. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған семинар-кеңеске республиканың әр өңірінен 35 жасқа дейінгі шығармашылық өкілдері қатысты.
Министрлік жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының мүшелері шығармашылық ізденістері төңірегінде пікір алмасып, түрлі ұсыныстар айтты. Екі күнге жалғасқан шарада Жошы хан, Алашахан секілді нысандарға экскурсия ұйымдастырылды. Олардың сапар барысындағы жазбалары алдағы уақытта жинақ түрінде шығарылады.
Еламан Қабділәшім, ақын:
- Біз оқырманға қандай шығарманы ұсынуымыз керек деген бағытта ізденістер жүру керек. Сол бағытта еліміздің әр өңірінен келген жас ақын-жазушылар 35 жасқа дейінгі өздерінің ойларын ортаға салып жатыр. Өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жатыр. Кім не жазып жүр? Соның барлығын бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа өріс ашуға, жаңа шығармашылық, ізденіс ашуға мүмкіндік береді.