Елімізде жеті мың мәдениет ұйымы бар
Жалпы елде қазір 7 372 мәдениет ұйымы жұмыс істеп тұр.
Оның 4 мыңға жуығы кітапхана, 70-і театр, 275-і музей. Сондай-ақ 3 мың мәдени демалыс ұйымы, 113 кинотеатр, 36 концерт ұйымы, 4 цирк көрерменге қызмет етеді.
Биыл 51 мәдениет ошағының іргетасы қаланады, 250 нысан жаңғыртылады. Айтайық, былтыр 45 ғимарат салынып, 255-і жөнделген еді. Сосын елде 60 мыңнан астам адам мәдениет үйлерінде еңбек етеді. Қызметкерді қолдау, олардың әлеуметтік әлеуетін арттыру да басты назарда. Мәселен, үш жылдың ішінде мамандардың жалақысы екі есеге жоғарылады.
Кітапхана - 3 890
Мәдени-демалыс ұйымдары - 2 994
Театр - 70
Кинотеатр - 113
Концерт зал - 36
Цирк - 4