Астанада «Шекара объектив көзімен» көрмесі өтті
«Шекара объектив көзімен».
Бүгін Астана қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалында ел шекарасының шегенделгеніне 33 жыл толуына орай фотокөрме өтті. Бабадан қалған байтақ даланы кірпік қақпай күзететін қырағы қызметтің сан қыры таспаланған суреттер, аға лейтенант Асхат Сәбиевтің объективіне іліккен. Ол осы салада 15 жыл қызмет ете жүріп, қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған. Тау мен тас, өзен, көлік, жазық, құмда қалғымайтын шекарашылардың қызметі фотокөрмеде айқын көрсетілген. Көрмеде ұзын ырғасы 33 сурет көрермен назарына ұсынылды. Келушілер қойылған жұмыстардың көркемдік құндылығын жоғары бағалады.
Асхат Сәбиев, аға лейтенант