Елімізде Voice Beyond Horizon халықаралық жобасы түсіріліп жатыр

Елде Voice Beyond Horizon халықаралық жобасы түсіріліп жатыр. Байқау Димаш Құдайбергеннің бастамасымен және Қытай компаниясымен әріптестік аясында қолға алынған, деп хабарлайды 24kz.

Өнер бәйгесі қос елдің арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, туризм саласында ерекше маңызға ие болмақ. Себебі ауқымды жобаның түсірілімі еліміздің 6 өңірін қамтыды. Бұл қатарда Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстары, сондай-ақ Алматы мен Астана қалалары бар. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия өнерпаздары қатысты.  Орындаушылар шығармашылық сапармен елімізді аралап, туристік орындармен танысты.

Димаш Құдайберген, Қазақстанның халық әртісі:

- Тоғыз жарым жыл бұрын мен бой көрсеткен «I am singer» жобасы естеріңізде болуы керек. Hunan TV арнасында болған. Дәл сол бағдарлама іспеттес үлкен жоба түсірілді. Бірақ тек қана қатысушылардың вокалдық мүмкіндіктеріне ден қойылып қана қойған жоқ. Осы байқау аясында еліміздің көрнекті жерлерін насихаттадық.