Академиялық ортамен ынтымақтастық мазмұнын байыту жайы талқыланды

фото: akorda.kz

Президент халықаралық ұйымдар және жетекші шетелдік университеттер басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су қауіпсіздігі – Орталық Азиядағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық мәселесінен де асып түседі. Бұл – тіршілік үшін күрес. Стратегиялық әріптестердің үшінші форумынан кейін Президент шетелдік қонақтармен дөңгелек үстелге қатысты. Халықаралық ұйымдар және жетекші университеттер басшылары алдында бірлесе атқаратын бірқатар бағытты атады. Әуелгі әңгіме транс-шекаралық өзендер төңірегінде өрбіді. Айдындарды басқару, заманауи мониторингтеу, үнем технологиялары және ғылымға негізделген су дипломатиясын дамыту маңызды. Осы ретте Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінің тәжірибесі мен мүмкіндігіне арқа сүйейтінін ашық айтты. Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында қалай қатынас орнатуға болатынын түсіндірді. Ауқымды міндетті іске асыру үшін инженер, техникалық маман мен зерттеушілердің жаңа буынына сұраныс жоғары. Серіктестерді кадр даярлау және қолданбалы зерттеулер жүргізу ісіне атсалысуға шақырды. «Сондай-ақ жасанды интеллектіні білім мен ғылым саласына кіріктіру қажет», - деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Келесі жылы Астанада бірқатар кампусты іске қосамыз. Аталған жұмыс жалғаса беруге тиіс. Өйткені бұл – біз үшін аса маңызды басымдық. Елордада немесе еліміздің басқа өңірінде филиалын ашқысы келетін кез келген университетке қолдау көрсетуге әзірмін. Форум мінберінде айтқанымдай, біз Қазақстанда сарапшылар әлеуеті, білім мен тәжірибе шоғырланғанын қалаймыз. Соған мүдделіміз. Сол себепті ғылым, білім мен жоғары технологиялар біз үшін өте өзекті. 

Сондай-ақ оқыңыз: