«Қорқыт ата» кинофестивалі: көрермен назарына 50-ге жуық фильм ұсынылады

«Қорқыт ата» кинофестивалі аясында 50-ге жуық фильм көрермен назарына ұсынылады.

Көрсетілімдер күн сайын таңғы сағат 09:00-дан 19:00-ге дейін жалғасады.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Біз қазір Нұрмұқан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында тұрмыз. Үлкен концерт залында таңнан бері 4 кинофильм көрсетілді. Бұл әзербайжан, қырғыз және қазақ кинотуындылары. Дәл қазір 5-киносеанс жүріп жатыр. Залдың іші қараңғы, көрермен “Родная земля” фильмін тамашалауда. Кедергі болмайық. Үзіліс арасында фойеге шыққан көпшіліктің сұхбатқа шақырып, әсерімен бөлісуді сұраған болатынбыз.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Халықаралық кинофестиваль ертең қорытындыланады. Қазылар алқасы «Үздік көркем фильмі», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актриса», «Үздік актер» аталымы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Сонымен қатар «TÜRKSOY»-дың арнайы сыйлығы – «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» марапаты табысталады.